«Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» атты кітап көрмесі17 наурыз күні «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - Ұлы Даланың тұлғаларымен оқырмандарды қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Көрмеге Манаш Қозыбаевтың «Тұлғалар тұғыры», Тұрсынбек Кәкішевтің «Қазақ зиялылары», «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері» /ІХ-ХІХ ғғ. Ғұламалар тағылымы/, Талас Омарбеков құрастырған «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ»: танымдық жинақ/, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары»: қысқаша анықтамалық, «Естеліктегі Алаш» ғылыми-танымдық басылым, Қайрат Раевтың «Алаштың арда ұлдары», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» секілді кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. |
Гости8
Роботы25
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ