KITAPKHANA.KZ

«Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесі

      3 ақпан күні  «Балалар әдебиеті жылы»  аясында  «Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау және бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің  кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

     Шараға жергілікті балалар ақыны Р.Наурызбаева мен О.Қосанов және кітапхананың  жас оқырмандары қатысты.

     Шара барысында  «Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, қазіргі  балалар әдебиетіне байланысты  өзекті мәселелерге тоқталды. Оқырмандар жергілікті балалар ақындарының өлеңдерін мәнерліп жатқа оқыды.




 
03 ақпан 2021 ж. 11:53
367 қарау
x