«Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі

   ЮНЕСКО-ның 2022 жылға арналған атаулы даталар күнтізбесіне әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту енгізілді. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 18 қаңтар күні «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: ақынның шығармаларымен, зерттеулерімен таныстыру.

   Көрмеге А.Байтұрсынұлының «Ұлттың ұлы ұстазы», Шығармаларының 6 томдығы, «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Маса», «Ақ жол», «Жан сөзімді кім түсінер?», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш мұрасы», «Арыстары Алаштың», «Алашорда» және А.Байтұрсынов туралы жазылған өзге де ғалымдардың, жазушылардың еңбектері қойылды.




 
18 қаңтар 2022 ж. 11:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: