«Еңбек ерлерінің өнегесі» атты кітап көрмесі

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 24 қаңтар күні күріш өсіруші, Социалистік Еңбек Ері Әли Еламановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Еңбек ерлерінің өнегесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты-жалпы егін шаруашылығы, күріш шаруашылығы туралы көптеген авторлардың еңбектерін, диқан, белгілі күріш өсіруші Әли Еламановтың еңбегін оқырмандарға кеңінен насихаттау.

  Көрмеге  Келіс Нұрмашұлы Жайлыбайдың «Күріш» атты монографиясы, Марат Мықтыбай Жанзақовтың  «Егіншілік» оқулығында егіншілік заңдары, Абылай  Хангерейұлы Айдосовтың «Дала академигі Ыбырай Жақаев және оның ізбасарлары» атты еңбегі және баспа беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.


 
   
24 қаңтар 2022 ж. 16:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: