«Жаңа жыл жаңа кітаппен» атты кітап көрмесі

   2022 жылдың 25-ші қаңтар күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаңа жыл жаңа кітаппен» тақырыбында жаңа кітаптарға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге үш тілде жарық көрген «Сыр-Алаштың анасы» жинағы, сырбойылық журналистердің тәжірибесі, шеберлік дәрістері жинақталған. Сауытбек Абдрахмановтың «Елдік ерлігі», «Сыр журналистикасының тарихы» атты бес томдық анықтамалығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, елдің бірлігі, Мәңгілік Елдің жалпыұлттық құндылықтары жайлы  үш тілде жарық көрген «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 30 жылы» атты кітабы, жұртшылыққа қазақтың Тереза анасы, Бибі-ана деген есімдерімен таныс белгілі жазушы Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» романы, Әбдісаттар Оспановтың «Даналар жайлы дастан» тарихи-романы, «Қалқаман Саринның «Ғазал-ғұмыр», Тұрмағанбет Кенжебаевтың «Кәусар»,  Таңатқан Рсаевтың туған халқымыздың алтыннан асыл қазынасы саналатын қазақ мақал - мәтелдерінің «Аталы сөз - ақылға көз» жинағы, «2021- Балалар әдебиеті жылы»» сериясымен шыққан ақын-драматург, қоғам қайраткері Тойшыбек Иіпұлының «Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың!»кітабы, Үсенұлы Нұғыманның балаларға арналған әңгіме, хикаяттары енген «Қыранның балапаны» жинағы, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының екі тілде жарық көрген «Саяхатшы шыбын» өлеңдер мен ертегілер жинағы, жазушы, сыншы, драматург, журналист Айзат Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі», белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының «Сәби болғым келеді...» хикаяттар мен әңгімелері кітаптары, ақын Бауыржан Қарағызұлының «Ұлы даланың ұландары» жыр кітабы, т.б. көптеген кітаптар мен оқулықтар қойылды.  

     Көрмеге 100 – ден аса кітап қойылды. Көрмені кітапхана  оқырмандары, кітапханашылар тамашалады.




 
25 қаңтар 2022 ж. 17:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: