«100 жаңа оқулық – заманауи білім бұлағы»» атты кітап көрмесі

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 25 қаңтар күні «100 жаңа оқулық – заманауи білім бұлағы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Кітап көрмесінің мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ  тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қолдау көрсетіп, іске асырылып жатқан жоба аясында басылып шыққан кітаптарды оқырмандарға насихаттау.

  Елбасы  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

  Кітап көрмесі барысында «Менеджмент» саласы бойынша басылып шыққан кітаптар насихатталды.




 
25 қаңтар 2022 ж. 18:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: