«Кітап өз құндылығын ешқашан жоймайды» тақырыбында пікір-талас

   28 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымымен бірлесе отырып, «Кітап өз құндылығын ешқашан жоймайды» тақырыбында пікір-талас ұйымдастырды.

    Шараға «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымының жетекшісі, көшбасшы  жастардың бірі – Талғат Меңдібай мен кітап оқуға құштар жастар қатысты. Олар өз пікірлерінде жас ұрпақтың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруда кітаптың маңыздылығын атап көрсетті.

   Пікірталас барысында кітапты насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланып, жас ұрпақты кітап және оқулық арқылы тәрбиелеу мәселелері сөз болды.




 
28 қаңтар 2022 ж. 13:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: