«Адалдық адамдықтың белгісі»

   19 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойында адамгершілікті қалыптастыру мақсатында «Парасат жолы» жобасы  аясында «Адалдық адамдықтың белгісі» атты кездесу кеші өткізілді.

  Кешке экономика ғылымдарының кандидаты,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Қ.Құдайбергенов, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент Е.Абенов, Мәдениет саласының үздігі, жыршы С.Жақсығұлов, қоғам белсендісі С.Махамбетов  қатысты.

  Кеш барысында парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, қоғамда болып жатқан мәселелер жайы талқыланды. Ізгілік, парасаттылық, қайырымдылық жайындағы тәрбиелік мәні бар келелі сөздер айтылды. Жастарға адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі парасаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиеттің берері мол екендігін профессор Қ.Құдайбергенов атап айтса, саяси ғылымдардың кондидаты, доцент Е.Абенов әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, жастарға келелі әңгімелер айтып берді. Кеш соңында қатысушылар «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесімен танысты.





 
19 сәуір 2022 ж. 11:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: