«Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты танымдық кеш

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының қаһарман қызы Хиуаз Доспановаға арналған «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» атты танымдық кеш  ұйымдастырылды.

    Мақсаты –Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы, Халық қаһарманы, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің иегері Хиуаз Доспанованың ерлік тұлғасын бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныту, насихаттау, оның халық алдындағы еңбегін бағалау, өнегеге толы өмірін үлгі ету, рухын құрметтеу.

   Танымдық кеш барысында оқырмандарға М.Мәметова атындағы қызылорда жоғары  гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Л.Ахметова Қазақтың «қанатты қызы» атанған Хиуаз Доспанова туралы баяндама оқып, өнегелі өмірінің жас ұрпақты жігерлілік рухында тәрбиелеу үшін таптырмас рухани қазына екендігін айтты. Сонымен қатар оқырмандар Х.Доспанова туралы бейнороликтер көріп, естелік, арнау өлеңдерін оқыды.




 
07 мамыр 2022 ж. 19:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: