«Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса»

    17 мамыр күні «Жылдық үздік оқырманы»  жобасы аясында  «Кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса»  атты шара  өткізілді Шараның мақсаты: Балалардың  көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын  арттыру  және оқу мәдениетін қалыптастыру. Шараға  К. Мұхамеджанов атындағы №1мектеп –гимназияның,  Т.Есетов атындағы  №264 мектеп – лицейінің, І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің, М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп-лицейінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. 

   Шараға қатысушылар әлем әдебиетінің   классигі М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты туындысы бойынша  қойылымды сахналап, өздерінің оқыған әлем және қазақ халықтарының озық шығармалары жайлы ойларымен  бөлісті.  Көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән мен би орындады.Шара соңында балалар «Ұлағатты ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрмесімен танысты.





 
17 мамыр 2022 ж. 17:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: