Экран алдындағы кездесулер. «Музыкалық қонақжай» жобасы аясында

   18 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық белсенді ұзақ өмір орталығында «Шабдалы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – орталықта ем алып жатқан ардагерлерге белгілі жыршы Алмас Алматовтың әңгімесінің желісі бойынша түсіріліп, көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгерген  фильм көрсетілімі арқылы отандық кино туындыларын насихаттау, ардагерлерге демалыс уақытында жайлылық сыйлау.

   Фильмді орталықтағы 33 ем алушы тамашалады. Соңынан алған әсерлері жайында бөлісіп, ерекше ықыласпен алғыстарын білдірді.




 
18 мамыр 2022 ж. 12:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: