«Салауатты өмір салтын ұстанамыз»

     23 тамыз күні облыстық кітапханада Амангелді ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Жадыра» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері мен ансамбльдің көркемдік жетекшісі, әрі мүшесі ҚР мәдениет саласының үздік қызметкері төсбелгісінің иегері Аманжолова Закираның қатысуымен, әжелер өнерін, олардың өнегесін өскелең ұрпаққа баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы ретінде насихаттау,кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу,салауатты бағытты ұстанатын жандар үшін бас қосатын орта қалыптастыру мақсатында «Музыкалық қонақжай» жобасы аясында зейнет жасындағы оқырмандар үшін «Салауатты өмір салтын ұстанамыз» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

     Шара барысында  өнердің көшін өрлетіп, өмірлерін әнмен өрнектеп жүрген әжелер бір-бірімен  дидарласып, 34 жылдық музыка саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, өз репертуарларынан бірнеше әндер орындады.

      Шара соңында  қонақтар тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесімен танысты.

23 тамыз 2022 ж. 19:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: