«Жалындап өткен жас ғұмыр» атты дөңгелек үстел

     7 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында белгілі қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ғ.Мұратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай  «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

   Шараға Қорқыт Ата университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы, Сәтбай Дастан, №140 орта мектеп мұғалімі Кенжеғұлова Раушан  және «Өркениет» колледжінің студенттері қатысты. Шарада жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, Ғани Мұратбаевтың  өмірі, қалтқысыз еліне еткен еңбегі мен халқын ағартушылыққа шақырған қайраткерлігі бүгінгі және ертеңгі жас ұрпаққа әрқашанда үлгі – өнеге екені туралы айтылды.

07 қыркүйек 2022 ж. 10:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: