«Қазақтың арысы» атты оқырмандар конференциясы

      22 қыркүйек күні облыстық кітапханада жазушы Дүкенбай Досжанның туғанына 80 жыл толуына орай «Жібек жолы» романы бойынша «Қазақтың арысы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

      Шараға № 7 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кенжалиева Гүлжанат, Сұлтанова Элиза, Жүсіпбекова Гүлім және Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мен М.Ықсанов атындағы  Қызылорда политехникалық колледж студенттері қатысты.

     Шараға қатысқан қонақтар Отырар шаһарының қасіретті тағдыры, қыпшақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы түсіндіре отырып, тарихи-көркем романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Кітапхана қызметкері М.Шахановтың «Отырардың күйреуі» атты өлеңін оқыды.

   Оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик ұсынылып,  «Қаламы қарымды, жазғаны шуақты» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

22 қыркүйек 2022 ж. 16:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: