«Асан қайғы-дала данышпаны» атты кітап көрмесі

    7 қазан  күні облыстық  кітапханада «Асан қайғы-дала данышпаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрмеге кемеңгер ойшылдың тарихи-философиялық пайымдаулары, Желмаясымен жер шолып, арман еткен Жерұйығы туралы асқақ толғауы зерттелген К.Толысбайдың «Асан Қайғының дүниетанымы», Асан қайғы философиясының басты бағыттары: адам өмірінің мəні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мəселелері  баяндалған әдебиеттер,  «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» және үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойлары туралы мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалар мен авторефераттар қойылды.

   Көрменің мақсаты: дала философы, абыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамына жасаған өнегелі ісі мен кемеңгерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.

07 қазан 2022 ж. 18:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: