«Жастар – Start» атты буккроссинг

  24 қараша күні «Кітап бізді өзгертеді» жобасы аясында «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымымен бірлесіп рухани құндылықтарымызды насихаттап, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуды ілгерілету мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Арбатта «Жастар – Start» атты буккроссинг  ұйымдастырды.

   «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. Іс-шара барысында кітап сүйер оқырмандар кез келген ұсынылған кітапты оқып, оны жеке пайдаланудағы басқа кітапқа айырбастауға мүмкіндік алды. Буккроссингте оқырмандарға әр түрлі әдеби жанрдағы көркем кітаптар ұсынылды.

24 қараша 2022 ж. 10:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: