«Артық білім кітапта» атты кітап көрмесі

     28 қараша күні облыстық кітапханада оқырмандардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Артық білім кітапта» тақырыбында жаңа әдебиеттердің кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы мәдениеттілікке тәрбилеу, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту

    Көрмеге қойылған белгілі қаламгер, ақын Аманжол Қорғанбектің «Айсберг астындағы ағыстар» кітабында  көркем әдебиетке қатысты ой-толғамдары, эссе-мақалалары мен сұхбат әңгімелері топтастырылған. Салтанат Минайханың «Жеңілмейтін махаббат» атты кітабы Отанға деген сағыныш, ата-ананың махаббаты, екі жастың адал сезімдерімен қатар ауылдың сағынышка толы естеліктері суреттелген. Егеухан Мұқамәдиқызының «Талбесік» атты төрт бөлімнен туратын   жыр жинағына өлеңдері мен толғау-поэмалары және соңғы кездері жазған жаңа шығармалары енген.  Ақын жырларының әрбір жолынан ана жүрегінің мейірімге толы ыстық лүпілі аңғарылып тұрады.

   Сондай-ақ, көрмеге Мадина Омарованың «Менің қаһарман шөберем» кітабы, Нұргали Оразовтың балалар мен жасөспірімдерге арналған хикаяттар мен әңгімелері жинақталған «Ақ ұлпа» жинағы, Надежда Чернованың «Летящие в тумане», ақын Базарбай Исаевтың «Мөлдір», Ділдар Мамырбаеваның хикаяттар мен әңгімелері енген «Роботтар отбасы» кітаптары, Ербол Тілешовтың Алаш қозғалысының тұлғалары, тарихы жайлы «Алаш туы астында..» ғылыми танымдық жинағы, Нұржан Светқалидың «Жастықтың жазғы жайлауы» т.б. кітаптар оқырман назарына ұсынылды.  


28 қараша 2022 ж. 12:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: