«Ана өмірдің шуағы» атты кітап көрмесі

     Облыстық кітапханада 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні  мерекесіне орай «Ана өмірдің  шуағы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрмеге «Ұлы даланың ұлы қыздары» анықтамалығы, «Ұлы дала Арулары» сериясымен шыққан «Бозоқ аруы» жинағы, М.Айымбетовтың «Бопай ханым», «Алғашқы қарлығаштар», «Әлия», А.Үлкенбаеваның «Күй ғұмыр», К.Сахарбаеваның «Дина: Әсем қоңыр» кітабы,  лиро-эпостық поэмалар: «Қыз – Жібек», «Қозы Көрпеш», фотоальбомдар:  «Әмина Өмірзақова», «Роза Бағланова», «Бибігуль Төлегенова», «Фарида Шәріпова», «Нүкетай Мышбаева», «Роза Әшірбекова», сондай-ақ  Ф.Оңғарсынованың естеліктері, Н.Байырбектің «Нұржамал», Роза Әлқожаның «Әл: өлеңдер мен әндер жинағы», Ж.Байжанованың «Қызым, саған айтам...»  т.б. кітаптар қойылды.

06 наурыз 2023 ж. 11:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: