«Оқы және жеңіске жет!» оқу байқауы

     28 сәуір күні  облыстық  кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқы және жеңіске жет!» оқу байқауы ұйымдастырылды.

      Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқуға деген құштарлығын, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру, шығармашылығын шыңдау.

      Қала мектептері қатысқан байқау екі кезеңнен тұрды. Байқауда І орынды Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің оқушысы Сағидатбек Сезім, ІІ орынды Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушысы  Жүрсін Ақберді және Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің оқушысы Берікбайқызы Жайна, ІІІ орынды Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушылары: Дәуренқызы Айлин, Әскербек Сезім және Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушысы Ақжігіт Қарақат иеленді. «Үздік эссе» номинациясымен С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ-мектеп-лицейінің оқушысы Жақсылықова Перизат, «Үздік оқулар» номинациясымен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушысы Құттымырза Дінмұхаммед  марапатталды. Шараға қатысушылар «Жақсы кітап - жан азығы» атты кітап көрмесімен танысты.

28 сәуір 2023 ж. 13:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: