«Тұғыры биік тұлғалы азамат» атты еске алу кеші

         3 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінде, мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері  Исатай Әбдікәрімовтің туғанына 100 толуына орай  «Тұғыры биік тұлғалы азамат» атты еске алу кешін өткізді. Кештің мақсаты – оқырмандарды парасатты  қасиеттерімен ел есінде сақталған, текті тұлғаны құрмет тұтуға, халқына сіңірген еңбегін дәріптеуге, тағылым алуға үйрету.

     Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенов,  қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Сағындыққызы, колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бекманов және колледж студенттері қатысты. Қонақтар барша ғұмырын елінің өркендеуіне, экономикасының дамуына, мәдени-рухани өміріне  өлшеусіз еңбек сіңірген ардақты азаматтың өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы баяндады. Оқырмандар арнау өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Уақыт биігінен көрінген қайраткер» атты кітап көрмесі таныстырылды.

03 мамыр 2023 ж. 18:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: