«Тәуелсіз елдің қорғаны» атты кітап көрмесі

       4 мамыр күні облыстық кітапханада 7 мамыр -  Отан қорғаушылар күніне арналған «Тәуелсіз елдің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Мақсаты жастарды өз елінің патриоты, ұлтжанды азаматы болуға тәрбиелейтін  көркем әдебиеттерді насихаттау. Көрмеге ел қорғаған батырлар мен егеменді еліміздің тыныштығы жолында басын бәйгеге тіккен азаматтардың еңбектері жазылған «Қазақтың алпыс батыры», Б.Әбдіғали «Алашорда әскері», К.Аманжолов және А.Тасболатов «Қазақстанның әскери тарихы», «Айбын» энциклопедиясы, Т.Көлбаев «Өшпес даңқ», Б.Смағұл «Қаһарман» және т.б. кітаптар қойылды.  Көрмеде мерзімді баспа беттерінде жарияланған естелік-мақалалармен де танысуға болады.

04 мамыр 2023 ж. 18:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: