«Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары» атты тарихи-танымдық кеш

       5 мамыр күні облыстық кітапханада  9 мамыр - Ұлы жеңіс күніне орай «Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - батыр қыздардың өнегеге толы өшпес ерліктерін әрбір жас өскіннің жүрегінде тәрбиенің, отансүйгіштіктің, елді, жерді сүюдің нағыз үлгісі ретінде қалдыру.

      Кешке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих пәнінің  аға оқытушысы А.Абдразакова, «Бәйтерек» мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ә.Мырқиев  және  «Өркениет» медициналық колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық  пәнінің оқытушысы  Ғ.Тантаков  және студенттер қатысты.

    Қонақтар артына аңыз қалдырып, жанын пида еткен қазақтың қаһарман қыздарының жанкешті ерліктері туралы баяндады, тарихшылардың тың ақпараттарын таныстырды. Оқырмандар қаһарман қыздарға арналған арнау өлеңдерін оқыды.

      Шара соңында «Қазақтың батыр қыздары» атты бейнеролик, «Ерлік -елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

05 мамыр 2023 ж. 19:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: