«Ерлігі ұрпаққа үлгі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.20 маусым күні облыстық кітапханада Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін, шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ерлігі ұрпаққа үлгі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Р.Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы жайлы жазған «Жеңіс жалауы» атты кітабы, Т.Боранғалиұлының «Ғасырға сыр» атты зерттеулер кітабы, аты аңызға айналған халық батырына арналған «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» кітабы, арнау өлеңдер мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған фото-материалдар қойылды. ![]() ![]() |
Гости1
Роботы17
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 5 часов назад
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ