KITAPKHANA.KZ
kz ru

Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» ертегісі бойынша қойылым өткізді.

27 қазан күні облыстық кітапханада «Алақай» қуыршақ театры үйірмесінің мүшелері қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің   «Асан мен Үсен» ертегісі бойынша қойылым өткізді.
 Шараның мақсаты – театр және ойын қызметі арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілік-этикалық қасиеттерді, ізгі ниет пен құрдастарымен қарым-қатынасты тәрбиелеу, ұжымшылдық және бір-біріне деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Шараға Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 3 сынып  оқушылары қатысты. Қойылым соңында балалар бір-бірімен ертегі кейіпкерлері жайында ой бөлісті.
27 қазан 2023 ж. 18:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: