KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Кітап және қаламгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Алматы қаласында өткізілетін Қызылорда облысының мәдениет және өнері күндері аясындағы  іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына және Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап және қаламгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – ұлт руханияты мен мәдениетінің шаңырағы болған одақтың қызметі мен жеткен жетістігін насихаттау.
Алты алашқа астана атанған Қызылорда талай тарихи сәтке куә болды. Қазақстан Жазушылар одағы алғаш Қызылорда қаласында Қазақстанның пролетариат жазушыларының қауымдастығы болып құрылған кезден бастау алады. Ғасырға жуық тарихы бар қазақ руханиятының қара шаңырағы бүгіндеқаламгерлердің орнықты ордасына айналды.
Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлы бастаған ақын-жазушылар, зиялы қауым және баспасөз өкілдері, басқарма басшылары мен кітапханашылар қауымы қатысты.
Конференцияны Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы ашты. Мұнан кейін Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы  басшысының орынбасары Халбеков Арман Бейсенбайұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі.
Шара аясында Қазақстан Жазушылар одағының Кызылорда облысындағы өкілі Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы «Сыр елінде қазақ әдебиетінің бастау алуы» тақырыбында сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, эколог-жазушы Жұбатырұлы Сайлаубай, жазушы, драматург Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы, ақын Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы сынды белгілі ақын-жазушылар Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы жайында естеліктер айтты.Конференция қатысушылары «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Сыр елі» атты Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдық тарихи кезеңдерін қамтитын және Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және архив құжаттарының көрмесі, ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ұйымдастырылған «Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл», қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың архив қорынан алынған фотокөрмесімен танысты.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
06 қыркүйек 2024 ж. 13:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x