18 желтоқсан күні Анар Ізден Жарылқасынқызының «Зерна граната» жыр жинағының тұсаукесері өткізілді.
Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, қоғамдық даму басқармасы басшысы Р.Каюпов, айтыскер-ақын М.Ниязов, ақын М.Дауылбай, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің директоры, облыстық симфония оркестрінің жетекшісі М.Әмзе, Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Ж.Қалмақова және кітапхана оқырмандары қатысты.
Сонымен қатар Әзербайжаннан қорқыттанушы Рахман Баба Бадалов пен жазушы Нигяр Рзаеваның ерекше жүрек жарды лебіздері видео сәлемдеме арқылы көрсетілді.
Шара барысында жинақ авторына Мәдениет басқармасы басшысы М.Қазбекованың атынан Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ж.Нұржакипова Алғыс хат тапсырды.