13 желтоқсан күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты – жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын танып білуге баулу.
Шарада №7 мектеп-лицейінің, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Абылай хан атындағы №140 орта мектептің оқушылары Тәуелсіздік күніне арнап жыр шумақтарын оқып, ән мен биден шашу шашты.
Шара соңында "Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тұлға, тағылым" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.