29 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана «Orda» жоғары колледжімен бірлесіп, жазушы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
Мақсаты – жазушының шығармасы арқылы оқырмандарды халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігімен таныстыру, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Шараға «Orda» жоғары колледжінің әдіскері А.Бекенова және колледж студенттері қатысты. Қатысушылар халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге толы өмірі туралы, кітапта қозғалған адамның өміріндегі қиындықтар, жетістіктер, отбасындағы қарым-қатынас және жеке тұлғаның ізденісі сияқты тақырыптарға тоқталып, шығарманың желісінде бейнеленген қазақ қыздарына тән болмыс туралы ойларын ортаға салды.
Оқырмандар назарына «Дәстүрді дәріптеген ел анасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
