29 қаңтар күні облыстық кітапханада ақын, журналист Сейіл Боранбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрнектелген өмір» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Еске алу кешіне жиналғандар ақын болмысы мен шығармашылығына қатысты жылы естеліктерімен бөлісіп, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Кешке С.Боранбаевтың ұлы Ә.Боранбаевпен келіні К.Мусаева, ақын-жазушылар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты. Шара соңында «Сырдың сардар ақыны» атты кітап көрмесімен танысты.

