28 қаңтар күні облыстық кітапхана ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында эко-сағат өткізілді.
Мақсаты – табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны сақтау жолындағы маңызды қадамдарға оқушыларды тарту. Эко-сағат аясында қатысушыларға табиғатты қорғау туралы ақпарат берілді. Шараға қаламыздағы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің 6-сынып оқушылары қатысты.
Шара соңында қатысушылар «Табиғаттың таңғажайып сырлары» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.


