KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Booklover» әдеби клубы

31 қаңтар күні облыстық кітапханада жасөспірімдерге арналған "Booklover" әдеби клубының алғашқы отырысы болып өтті. Әдеби клубтың мақсаты – кітап оқу арқылы жасөспірімдердің қиялын ұштау, ой-өрісін кеңейту және әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Алғашқы кездесуге 10-14 жас аралығындағы 20-дан аса кітапқұмар жастар жиналды. Шара барысында қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, ортақ WatsApp чатқа қосылды. Жасөспірімдерді әдебиетке жақындату - олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады. «Booklover» әдеби клубының келесі отырысы ақпан айында өтетіндігі туралы мәлімдеме жасалып, естелік фотоға түсті.

31 қаңтар 2025 ж. 12:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x