KITAPKHANA.KZ
kz ru

Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Адам жанының суреткері» атты поэзия кеші

31 қаңтар күні облыстық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Адам жанының суреткері» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты – ақынның қаламынан туған шығармалары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау.
Кешке Қызылорда қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері С.Аңсатов, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Облыстық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбішев, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысы бойынша өкілі, ақын Қ.Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры А.Айтбаева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі О.Базаралиев, жас ақын М.Дауылбай қатысып, ақынның шоқтығы биік шығармалары, сан қырлы поэзиясы, өмірдің мәні мен болашаққа деген көзқарас айқын көрсетілген афоризмдері мен қанатты сөздері туралы тұшымды ойларын ортаға салды.
Сыр елінің өнеріне өзіндік үлес қосып жүрген жырау М.Сүгірбай қобыз аспабымен ақынның «Күлтегін» жырын жырласа, «Күміс домбыра» иегері атанған Б.Орынбасар ақынның сөзіне жазылған термені, облыстық филармония әншісі  Жүсіпов Ж. қазақ халқының екінші гимніне айналған «Атамекен» әнін, кітапхана қызметкері А.Сүгірбай ақынның «Қазақ осы» әнін орындап, оқырмандардың рухын оятқандай көңіл серпілтті.
Жас ақындар М.Дауылбай және С.Әбдіхалықова ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқыды.«Жастар» театрының әртістері, «Ұлағат» білім ордасы» және Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп  оқыды.
Оқырмандар назарына «Қазақ поэзиясының ойшыл ақыны»атты кітап көрмесі ұсынылды.
31 қаңтар 2025 ж. 13:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x