KITAPKHANA.KZ

«Сырдың сыршыл ақыны» атты поэтикалық марафон

13 наурыз күні өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасымен танылған сыршыл ақын Балашбек Шағырұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Сырдың сыршыл ақыны» атты поэтикалық марафон ұйымдастырылды.
Мақсаты - әдебиет әлемінде өзіндік өрнегін қалыптастырған ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Шараға №101 Әли Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейінің  оқушылары және Балашбек Шағырұлының келіні Серікбаева Лаззат қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.
Шара соңында «Жыр ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылды.
13 наурыз 2025 ж. 18:14
268 қарау
x