KITAPKHANA.KZ

«Өмір өлең көңілді көркейтетін» атты ақпарат сағаты

25 сәуір күні облыстық кітапханада ақын, журналист Рысты Бекбергенованың туғанына 95 жыл толуына орай «Өмір өлең көңілді көркейтетін» атты  ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Рысты Бекбергенова еңбек жолында 30 жылдан астам уақыт мерзімді басылымда қызмет атқарып, ақпарат айдынында өз қолтаңбасын, сара жолын қалыптастырған тәжірибелі тілші.Бүгінде 95 жасқа келген қарияөнегелі өмірінде бірнеше шығармалар жинағын жарыққа шығарған. Ақынның «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірім өлеңмен өрнектелген», «Өмірдің ақ-қарасы» кітаптары бар.
Шара барысында оқырмандарға «Өмір өлең» атты кітап көрмесі таныстырылды.
25 сәуір 2025 ж. 13:15
124 қарау
x