KITAPKHANA.KZ

«Әжемнің ертегісі – балалықтың жарқын естелігі» /байқау/

24 сәуір күні облыстық кітапханада «Әжемнің ертегілері» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі – балалықтың жарқын естелігі» атты байқау ұйымдастырылды.
Шараның  мақсаты: ұлттық мұраны дәріптеу, әже мен немере арасындағы байланысты күшейту.
Шара барысында балалар өз әжелерінен естіген тағылымы мол қазақ ертегілерін көркем тілмен баяндап,   өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында қатысушылар ІІІ кезең бойынша сайысып, нәтижесінде  I дәрежелі дипломды Г. Абдихайымова немересі  Ә.Әбдінағым   иеленсе,II дәрежелі диплом Б.Сейітбенбетова немересі А.Абдуллаға және Т.Қараманова немересі Е.Асхатқызына,  ІІІ дәрежелі диплом Б.Жусупова немересі К.К. Кенжебекке  және Д. Сарманова немересі Ж. Серікқызына бұйырды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
24 сәуір 2025 ж. 13:39
150 қарау
x