KITAPKHANA.KZ

«Әнім сен едің...» Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

29 сәуір күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда облыстық филармониясымен бірлесе отырып, Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әнім сен едің...» атты музыкалық кеш ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан Шәмшінің  шығармашылық жолымен  танысу, әндерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Кеш барысында композитордың «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр» сияқты қазақ халқының сүйіп әрі жиі тыңдайтын әндері шырқалды. Қазақ вальсінің королі атанған Шәмшінің әсем әуендерін облыстық филармония әншілері орындады.
Музыкалық кешті жоғары оқу орындары және колледждердің ұстаздары мен студенттері тамашалады. Кешті композитордың «Менің Қазақстаным» әнін залдағы келген қонақтар қосылып айтып қорытындылады. Шара соңында сазгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырылды.
29 сәуір 2025 ж. 10:30
127 қарау
x