29 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы «ORDA» жоғары колледжімен бірлесіп, жаратылыстанушы ғалым «Мағрипа Жылқыбаеваның зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Кешке ағылшын пәні мұғалімі, гид-аудармашы, Мағрипа Жылқыбаева мұраларын зерттеуші-насихаттаушы Ф.Елеусизова, Абай атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Ыдырысова, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Бисен, М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі А.Аққожаева қатысты.
Кеш қонақтары әлемде тұңғыш рет Есік қорғанындағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалымның еңбегінің маңызына тоқталып, күміс зереншеге бедерленген 26 таңбаның әлемдік деңгейдегі маңызы зор мұра екендігі туралы баяндады.
Оқырмандар назарына «Алтын адамның аманатын арқалаған ғалым» атты кітап көрмесі ұсынылды.
![]()