KITAPKHANA.KZ

«Қазақстан – халықтар достығының мекені» кітап көрмесі

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан – халықтар достығының мекені» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін әдебиеттермен таныстыру, көпұлтты еліміздің татулығын, ортақ құндылықтарын насихаттау.
Көрмеге Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін, ел тарихындағы достық пен келісімнің маңызын айқындайтын бірқатар еңбектер қойылды. Атап айтқанда, Дархан Қыдырәлінің «Жерұйық» кітабы, «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы, сондай-ақ «Қазақстан – қарашаңырағым», «Народ Казахстана», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Единство в многообразии» атты кітаптар мен фотоальбомдар көрермен назарына ұсынылды.
02 мамыр 2025 ж. 15:45
130 қарау
x