2 мамыр күні облыстық кітапхана қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай және адамзат құндылықтары» атты кітап көрмесін таныстырды. Абай шығармашылығының адамгершілік, әділеттілік, білімге ұмтылу секілді құндылықтарына тоқталып, ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі өнегелі ойларды ортаға салды. Сондай-ақ Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы жайлы кітаптарға тоқталып өтті.
![]()
![]()