KITAPKHANA.KZ

«Қиял әлеміне есік ашамыз» (сурет байқауы)

13 мамыр күні облыстық кітапханада бейнелеу өнері арқылы кітап оқуға деген жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Қиял әлеміне есік ашамыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. 
Шараға барлығы қала мектептерінен 26 оқушы қатысып бақ сынасты. Қатысушылар қиял ғажайып ертегілерден алған әсерлерін қағаз бетіне түсірді. 
Шара соңында белгіленген қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде бас жүлдені  Н.Ахмадиева атындағы №112 мектептің 6 «В» сынып оқушысы  В.Харуллаева жеңіп алды. Ал I орынды №290 орта мектебінің 5 «Б» сынып оқушысы А.Тойлыбай иеленсе, II орынды Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің  6 «В» сынып оқушысы  А.Өмірзақ пен Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Ж. Азаматұлы,  III орынды  қалалық білі бөлімінің қосымша білім беру  оқу-әдістемелік орталығының 6 сынып оқушысы А.Ерзада, Н.Ахмадиева атындағы №112  мектептің 7 «В» сынып оқушысы А.Сақтағанова және 7 «А» сынып оқушысы А.Өтепбергенге бұйырды. Өзге де  жас суретшілер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
13 мамыр 2025 ж. 10:27
593 қарау
x