KITAPKHANA.KZ

«Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» атты жасөспірімдер арасында сурет байқауы

6 мамыр күні   Ұлы жеңіске 80 жыл толуына орай «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» атты жасөспірімдер арасында сурет байқауы өткізілді.  Байқаудың басты мақсаты - сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау, балалардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін арттыру. Туған елдің батырларын, ардагерлерін құрметтеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Соғыс тақырыбына арналған туындылар кескіндеме, графика, қолданбалы көркемөнер жанрлары бойынша орындалды.  Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше қабілетімен көрініп жүрген 14-16 жас аралығындағы  30 жас суретші қатысты.  
Байқауға Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Мажиханов Нұрлан, облыстық кітапхананың  «Этюд» графика және дизайн арт-студиясының жетекшісі Абуова Баян әділ қазылық жасады.
Байқаудың бас жүлдесін - Балтабай Алуа. 1 орынды – Темірбек Кәусар, ІІ орынды - Мисько Даниил, Үмбетова Гүлбақыт. ІІІ орынды - Ақсұлтан Нұрдана, Панабек Жанерке, Бекзатқызы Медина иеленді.  Сонымен қатар жас суретшілер түрлі номинациялармен, алғыс хаттармен марапатталды.
06 мамыр 2025 ж. 10:48
229 қарау
x