9 қыркүйек күні кітапханада белгілі ақын, сазгер, әнші Елена Әбдіхалықованың 55 жылдығына орай «Бір әннің тарихы» атты «Есіңе мені алғайсың» әніне арналған танымдық кеш болып өтті. Кештің мақсаты өміршең шығармашылығымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп, сазды әндері арқылы мөлдір махаббат, тербеткен сағынышпен елдің жұмыр жүрегінен орын таба білген халқымыздың ақын, сазгер қызы Елена Әбдіхалықованың шығармашылығын насихаттау.
Іс-шарада сазгердің ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнінің шығу тарихы, әннің қазақ эстрадасының Мадина Ералиева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы сияқты белгілі әншілерінің орындауындағы нұсқалары туралы айтылды.
Шараға «Өркениет» колледжінің студенттері қатысты. Ақын, сазгердің шығармашылығына арналған «Өзіңе айтар сөздерді өлеңге айтып...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
![]()
![]()