Шығыстың ұлы ойшылы, философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірбаянымен және шығармашылығымен, жаһандық ғылым мен мәдениетке қосқан үлесімен таныстыру.
Дөңгелек үстелге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы мен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сыздықова Айгерім Алтынбекқызы қатысып, әл-Фарабидің өмір жолы мен ғылыми еңбектеріне қатысты тың деректер айтып, өзара пікір алмасты.
Шара соңында «Әлем өркениетінің ұстазы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
![]()
![]()
![]()