6 қараша күні облыстық кітапханада «Алақай» қуыршақ үйірме мүшелерінің қатысуымен «Батыл түйе» ертегісі бойынша қойылым көрсетілді.
Мақсаты: ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Шарада қаламыздағы «Медина» балабақшасының бүлдіршіндеріне бірлік пен достықтың күші көркем тілмен жеткізілді. Қойылым соңында бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлері жайында ой бөлісіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.
![]()
![]()
![]()