7 қараша күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті сыншы, ғалым-әдебиетші, академик Мұхамеджан Қаратаевтың 115 жылдығына орай «Мұхамеджан Қаратаев – сарабдал сыншы, көрнекті әдебиет зерттеушісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Дөңесова Гүлжазира Қойшыбайқызы қатысып, М.Қаратаевтың шығармашылық жолы мен әдебиетке қосқан орасан зор үлесі туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында қатысушыларға “Ғалым - сыншы тағылымы” атты кітап көрмесі таныстырылды.
![]()
![]()
![]()