KITAPKHANA.KZ

«Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс» атты дөңгелек үстел

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша  «Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Шараның мақсаты – діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Нарымбетов Олжас Жақыпбекұлы және осы орталықтың психолог маманы  Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы қатысып, елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтарды нығайтудағы, рухани байлықты дамытудағы діннің маңызы, әрбір адам өз діни сенімдеріне сай өмір сүріп, адами қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиістігі туралы сөз қозғады.
Шара  соңында  «Дін және діни экстремизм»  атты  кітап  көрмесі таныстырылды.
06 қараша 2025 ж. 17:19
55 қарау
x