KITAPKHANA.KZ

«Ертегімен есейем» атты қалалық балабақша аралық сайыс

5 қараша күні облыстық кітапханада «Әжемнің ертегілері» жобасы аясында «Ертегімен есейем» атты қалалық балабақша аралық сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты - бүлдіршіндерді халық ауыз әдебиетімен сусындатып ой - өрісін дамыту,  тіл байлығын, сөздік қорын жетілдіру. 
Сайысқа қаламыздағы «Ералаш», «Еркемай», «Шуақ-орда», «Күнекей бөбекжай» балабақшалары қатысып, «таныстыру», «ертегі сахналау, «ертегі кейіпкерін тап», «қолөнер бұрышы» атты төрт кезең бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде «Еркемай» балабақшасының бүлдіршіндері алға суырылып шығып, бас жүлде иеленді. І орынды  «Ералаш» балабақшасы, ІІ орынды «Шуақ-орда» балабақшасы, ІІІ орынды «Күнекей бөбекжай» балабақшасы жеңіп алып, сый-сияпатпен марапатталды.
05 қараша 2025 ж. 17:26
37 қарау
x