KITAPKHANA.KZ

“Жұмекен - мәңгілік тұлға” атты поэтикалық марафон

5 қараша күні облыстық кітапханада  қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж.Нәжімеденовке арналған “Жұмекен - мәңгілік тұлға” тақырыбында поэтикалық марафон ұйымдастырылды. 
Мақсаты - ақынның  өмірбаяны мен шығармашылық жолын таныстыру. Шара ақынның сөзіне жазылған Қазақстан Республикасының әнұраны “Менің елім Қазақстан” әнімен ашылып, өлендері оқылды. 
Шара соңында “Елім деп соққан жүрегі” атты кітап көрмесі таныстырылды.
05 қараша 2025 ж. 17:35
41 қарау
x