KITAPKHANA.KZ

«Жасын тағдыр жарқылы» атты тарихи кеш

5 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, фольклорист, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай  «Жасын тағдыр жарқылы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - оқырмандарға ғалымның қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, қазақ халқы үшін істеген игі істерін дәріптеу, үлгі ету, оқырмандарға ғылыми ізденіске серпін беру.
Кешке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б.Ахметбек және 4-курс студенті Д.Тұраш, «Qazbilim QyzyIorda»  ұлттық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Елдес, №295 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Ерболқызы, Қызылорда Ашық университеті мен «Өркениет» медициналық колледж студенттері қатысты. 
Кеш қонақтары қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалымның өмір жолы, мол әдеби мұрасы, ағартушылық қызметі, жиһангез ғалым ретіндегі даңқын Ресей мен Еуропаға әйгілеген Қашғар сапары туралы, жалпы шығыстану саласына қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты баяндады.  Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің  студенттері арнау өлеңдер оқыды, №4 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы С.Алмасұлы домбырамен күй орындап өнерін көрсетті.
Оқырмандар назарына «Қазақтың шоқ жұлдызы» атты кітап көрмесі ұсынылды.



05 қараша 2025 ж. 18:36
49 қарау
x