21 қараша күні облыстық кітапханада «Мен Адал адам – Адал еңбек –Адал табысты суретке саламын» тақырыбына жас суретшілер арасындағы сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқау суретке бейімі бар талантты балаларды анықтау, олардың шығармашылық, көркемдік қабілеттерін жетілдіру және өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық идеяларын, жолдарын қағаз бетіне қылқаламмен түсіру мақсатында ұйымдастырылды.
Қала мектептерінің 8-10 сынып аралығындағы оқушылары қатысқан байқау барысында жас дарындар түрлі-түсті бояу, гуашь, акварель қолданды. Оқушылардың жұмыстарын кәсіби маман – ұстаз, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ембергенов Қуанышбай бастаған әділқазылар бағалады.
Байқауға 21 оқушы қатысып, барлығы 21 жұмыс ұсынылды. Әділқазылар шешімімен салынған жұмыстар қорытындыланып, Әшім Кәусар бас жүлде, Сатова Айнель және Месько Даниил 1-ші орын, Әбдібек Ханшайым, Эрхон Айдана және Саидова Амина 2-ші орын, Тілләбек Инабат, Жартай Томирис, Серікқызы Сабина және Гаврилова Диана 3-ші орын иеленді. Барлық қатысушыларға Дипломдар, Алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтары берілді.
![]()
![]()
![]()